jasqazaq.kz

Илон Маск Twitter-дің директорлар кеңесін таратты

01 қараша 2022, 10:49


Кәсіпкер Илон Маск 27 қазанда Twitter компаниясын сатып алғаннан кейін директорлар кеңесін таратты.

Бұл туралы дүйсенбі күні АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) базасында жарияланған құжаттарда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Маск мырза Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес осыған дейін директор болған тұлғалар қызметін тоқтатты», — делінген құжаттардың бірінде.

Әлеуметтік желінің негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси компаниядағы акциясының 2,4% үлесін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.

Бұған дейін Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін компания басшылығының бірнеше мүшесін, соның ішінде бас директор Парага Агравал мен қаржы директоры Нед Сегалды жұмыстан шығарғаны хабарланған болатын.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті