jasqazaq.kz

ІІМ Android смартфондарын қолданушыларға ескерту жасады

20 ақпан, 10:57

Ішкі істер министрлігі азаматтардың смартфондарына зиянды қосымшаларды орнату арқылы қашықтан қол жеткізетін алаяқтық схема туралы ескертті, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаны орнатып, тарату жағдайлары тіркелуде. Қаскөйлер оны тарату үшін түрлі тәсілдер қолданады. Мысалы: мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишингтік сілтемелерді тарату; жалған мобильді қосымшалар; фото, бейне және құжаттар түрінде жасырылған зиянды қосымшалар; мемлекеттік органдар, банктер және жеткізу қызметтері атынан жіберілетін хабарламалар; акцияға немесе ұтыс ойынына қатысу сылтауымен қосымша орнатуды талап ететін қоңыраулар. Мұндай бағдарлама орнатылғаннан кейін алаяқтар құрылғыға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл шоттардағы қаражаттың ұрлануына, онлайн-несиелердің рәсімделуіне, жеке деректер мен хат алмасудың таралуына, сондай-ақ телефонды бұғаттап, төлем талап етуге әкеп соғуы мүмкін. Өзіңізді қорғау үшін үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, тек ресми қосымшаларды және антивирустық бағдарламаны пайдаланыңыз, банк операциялары туралы хабарламаларды қосыңыз. Телефоныңызда қауіпті бағдарламаның болу белгілері: батареяның тез таусылуы, құрылғының қызып кетуі және бейтаныс қосымшалардың пайда болуы.

— Күдік туындаған жағдайда интернетті дереу өшіріңіз, банкпен байланысыңыз және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сақ болыңыз. Цифрлық қауіпсіздік өзімізден басталады, — деді ІІМ.

 

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес