jasqazaq.kz

ІІМ сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

03 ақпан, 10:53

ІІМ азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салды, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Polisia.kz мәліметінше, қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг. Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын және қауіпсіздік құқығын қорғауға кепілдік береді. Заң бұзушылық – міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Өзге адамның «Жоқ» деген жауабына міндетті түрде құрметпен қарау міндеттелген.​Сондықтан қудалау, аңду, жүйелі түрде мазалау әрекеттері орын алса, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу керек.

JQ-Aqparat

Сурет: yur.kz

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес