jasqazaq.kz

ІІМ: Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

12 қыркүйек 2022, 12:59


«Stop-трафик» операциясының нәтижесінде жезөкшелік қызмет көрсеткен 20-дан астам притон анықталды. Бұл туралы апталық жұмыстардың қорытындысы баяндалған брифинг барысында Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

««Stop-трафик» операциясының кезекті кезеңінде жезөкшелік қызмет көрсеткен 20-дан астам притон анықталды. Оның ішінде 1 факті еңбекке пайдалану мақсатында адамды ұрлау, 3 факті адам саудасы, 4 факті жезөкшелікпен айналысуға тарту, 2 факті кәмелетке толмағандарға қатысты және 5 факті кәмелетке толмағандарды сату. Сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың 28 жағдайы анықталды. Бұдан бөлек, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арнайы үй-жайлар бергені үшін – 20, ал интимдік қызметтер мен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді», — деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілі.

Сонымен қатар Шымкент қаласының полицейлері құрамына 11 адам енген ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетінің жолын кескен.

«Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан. Олар Қазақстанның түрлі қалаларынан жас қыздарды әлеуметтік желі арқылы жақсы жұмыс ұсына отырып, теріс әрекетін іске асырған. Құжаттарын алып қойған, табысты өздері иеленген. Қарсылық көрсеткен жағдайда соққыға жығып, есірткі қолдануға мәжбүрлеген. Аталған факті бойынша ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету, адам саудасы сияқты баптар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Оның мәліметінше, мұндай жағдай Абай облысында да тіркелген. Онда 32 жастағы әйел адам кәмелетке толмаған 17 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Ал табысын өзі иемдеген. Күдікті әйел ұсталып, қамауға алынды.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті