jasqazaq.kz

ІІМ: Екі аптада Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірді

04 қазан 2022, 12:21


ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанды паналап жатқан ресейліктер туралы соңғы статистиканы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 қыркүйектен бастап Қазақстанға неше ресейлік келіп, неше ресейлік шығып кетті?», — деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің айтуынша, кешеден бері Ресейден Қазақстанға қарай ағылған нөпір бәсеңсіп, қалыпты деңгейге түскен.

«Бұл мәселе бақылауда. Ресейдің 200 мыңнан астам азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда 147 мыңы шығып кетті. Әрине ішінара мобилизация жарияланған кездерде үлкен кептелістер болды. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келіп отыр. Мысалы, кешегі күнді алатын болсақ, Ресейдің 7 мыңнан астам азаматы мемлекетімізге кірді, 11 мыңға жуығы шығып кетті. Сондықтан қазір келгендер шығып жатыр. Миграциялық ахуал бақылауда. Жан-жақты қарап жатырмыз», — деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ ол екі арадағы шекаралық қатынас тар экономикалық одақ аясында реттелетінін еске салды.

«Екі тараптан да шекарадан өтуші азаматтарға шектеу жоқ, болмайды да. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ аясында құқықтық шартымыз бар. Құқықтық мемлекет болғандықтан бүкіл іс-қимылды осы заң шеңберінде жасаймыз», — деді ІІМ басшысы.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті