Шекарадан өту ережесін бұзған Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Шекараны заңбұзушылықпен кесіп өткендер сот шешімімен Қазақстаннан шығарылып, құзырлы органдарға тапсырылды», — деді Ахметжанов.
Оның айтуынша, ұсталғандар өздерімен бірге балта алып жүрген.
«Оларда қару емес, балта болған», — деді ІІМ басшысы.
Еске салйық, 25 қыркүйекте шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп, шекараны кесіп өтпек болған үш Ресей азаматы ұсталған болатын. Тәртіп бұзушылар өз әрекеттерін Ресей Федерациясында жарияланған мобилизациямен байланыстырған.