jasqazaq.kz

ІІД: Əкесі өртеген екі баланың бірі тірі

21 желтоқсан 2017, 11:16

20 желтоқсан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада шыққан өрттен зардап шеккен қыздың тірі екені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Агенттік тілшісіне берген сұхбатында Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбей Нұрахмет кеше бұқаралық ақпарат құралдарында Өтеген батыр ауылында 44 жастағы ер адамның балаларын өртеуіне және қаза болғандарға қатысты қате ақпарат тарағанын айтты.

Жатақханадағы өрттен зардап шеккен 18 жастағы Аружан Қанат қазір ауыр халде Іле ауданындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Baq.kz ақпарат агенттігі осы оқиғаға байланысты кеше жарияланған ақпаратта кеткен қате мәлімет үшін кешірім сұрайды.

Естеріңізге сала кетсек, жантүршігерлік оқиға желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада болған-ды. Осында 1971 жылы туған әйел бір қыз және бір ұлымен тұрған. Түнге қарай оның осы аудандағы Байсерке ауылында тұратын бұрынғы күйеуі Рашид Махметов келген. Біраз уақыттан соң бөлмеден өрт шыққан.

Мәліметтер бойынша, ер адам бензинді өзінің үстіне шашып, сосын от қойған. Әйел басында қашып шыққан. Бірақ іштегілерді құтқару үшін қайтадан жүгіріп кірген. Ол 1999 жылы туған қызын алып шыққан. Өрт салдарынан ер адамның өзі және оның 2005 жылы туған ұлы сол жерде қайтыс болды. Денесінің басым бөлігі күйген қыз ауруханаға жеткізілген.

Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбей Нұрахмет аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бап, 2-тармағы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім