jasqazaq.kz

Хромтауда шахтерлерден ақша бопсалаған топ ұсталды

Бүгін, 13:21

Ақтөбе облысында наурыз айында полицейлер жедел ақпараттарды іске асыру барысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Polisia. kz мәліметінше, Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы шахтерлерден ақша бопсалаған. Бірақ жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Жедел қызметкерлер күдіктілердің толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді. 20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Осындай қылмыстық әрекеттер Ақтөбе қаласында да тоқтатылды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарына бағытталған бопсалаушылар тобын анықтады. Қаскөйлер күш қолданумен және күзет қызметкерлеріне қысым көрсетумен айналысып, өздерінің заңсыз «қорғауын» күштеп таңған. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған фактілер бойынша бопсалау деректерімен қылмыстық істер тергелуде. Қосымша түрде заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Келіп түскен сигналдарға жедел әрекет ету нәтижесінде полиция қылмыстық топтардың әрекетін дер кезінде тоқтатып, ауыр зардаптардың алдын алды және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
JQ-Aqparat
Сурет: polisia.kz

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр