jasqazaq.kz

Higgsfield AI»: Қазақстандық стартап Google-дің үздік жобалары қатарында

21 қантар, 21:27

«Higgsfield AI» —  қазақстандық инженерлер жасаған жасанды интеллект саласындағы компаниялардың бірі.
Компанияның мақсаты озық технологияларды әзірлеп, еліміздің жаһандық экономикадағы позицияларын нығайту.
«Біздің командамызда 22 AI-инженер жұмыс істейді. Олар Қазақстандағы жоғары оқу орындарының түлектері. Арасында 6 халықаралық физика және математика олимпиадаларының жеңімпаздары бар. Әдетте, осындай мамандар шетелге кетіп қалады, бірақ қазір олар еліміздің игілігі үшін еңбек етіп жатыр. Ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз де көп. Біздің нейрожелілер 512 GPU NVIDIA бар суперкомпьютерде 9 петабайт көлеміндегі деректер жиынтығында оқытылды. 9 ай ішінде біз екі өнімді іске қостық. Олар халықаралық деңгейде мойындалды. Бұл жетістіктер бізге Google нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 25 стартап қатарына кіруге мүмкіндік берді», — дейді «Higgsfield» компаниясының бас директоры Ерзат Дулат.
Оның айтуынша, «Higgsfield AI» әзірлеген өнім мәтінді бейнеге айналдыруға қолайлы.
«Біз екі өнім әзірледік. Біріншісі — бейне және мәтіндер жасау процесін жеңілдететін мобильді контент студия болса, екіншісі — бизнестер мен білім беру саласына жаңа мүмкіндіктер ашатын контент генерациясының платформасы. Diffuse деп аталатын қосымша — мәтінді бейнеге айналдыруға арналған арнайы модельге негізделген. Ол сондай-ақ бейнелерді басынан бастап жасауға немесе селфи түсіріп, сол адам қатысатын бейнебаян құрастыруға мүмкіндік береді. Барлық дайындалған өнімдер команда тарапынан жүзеге асырылады, бұл Қазақстанның ИИ мектебінің әлеуетін көрсетеді,-дейді ол.
Қазіргі уақытта «Higgsfield AI» ұсынған өнімдерді 2 миллионнан астам адам пайдаланады. Компания AI-ұйымдарының топ-185 қатарына енген.
Қазақстан ЖИ-дің пайдасын көретін елдер қатарына қосылуы тиіс. Жапония мен Корея XX ғасырдың технологиялық инновацияларында өз орнын тапса, біз де осы мүмкіндіктер терезесін пайдаланып, ЖИ-ді Қазақстанның әлемдік экономикаға қосқан үлесі етіп қалыптастырамыз», — дейді Ерзат Дулат.

Сурет: baq.kz

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр