jasqazaq.kz

Хави «Барселонаның» бас бапкері болды

06 қараша 2021, 10:41

Испания маманы Хавьер Эрнандес Креус (Хави) «Барселона» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы хабарлама клубтың Twitter-парақшасында пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, клубтың жаңа бапкерімен келісім 2024 жылдың жазына дейін жасалған. Хави демалыс күндері Барселонаға келеді деп күтіледі, ал клуб 8 қарашада баспасөз мәслихатын өткізеді.

Бұған дейін «Барселона» бас бапкері Рональд Куман отставкаға кетті. «Барса» «Райо Вальеканодан» 0:1 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін голландиялық маман қызметінен кеткен еді.

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы Хави қазір Катарда «Аль-Садд» командасын жаттықтырып жүр. Ол каталониялықтардың сапында 505 ойын өткізіп, 58 гол соққан.

Бүгін, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
Бүгін, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
Бүгін, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда
Бүгін, 13:54
Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектер мен қолдау тетіктері
Бүгін, 13:52
Қамқор қоғам – берекелі болашақтың кепілі
Бүгін, 13:51
Әлеуметтік әділеттілік – басты басымдық
Бүгін, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 18:29
Аягөз-Бақты: Логистика өңірдің өркендеуіне серпін береді