jasqazaq.kz

Халық заңгерінен тегін кеңес алыңыз

07 қыркүйек 2022, 15:43

Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйегінде Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып отыр.

Шымкентте де 16 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 16: 00-де «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Өтетін мекенжайы: Тәуке Хан даңғылы, 5(М.Әуезов атындағы ОҚУ,басты корпус). Кіру тегін.

Жалпыреспубликалық акцияның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету.

Іс-шара барысында кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар. Тіпті, акция форматының ауқымы мен географиясы Қазақстанда ғана емес әлемде де өте үлкен.

Қазақстанда бүгінде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Іс-шараға қатысқан қарапайым қазақстандықтар өз алғыстарын білдіріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.

Айта кету керек, карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» іс-шарасын өткізу тоқтатылған болатын. Міне, 2 жыл өткен соң бұл жоба қайта жанданды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті