jasqazaq.kz

Халал шұжықтан шошқа ДНК-сы табылды

10 қараша 2017, 23:53

Санитариялық дәрігерлер дүкен сөрелеріндегі ет өнімдерінен 145 сынама алып, құрамынан қаптамасында көрсетілмеген заттарды анықтапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жандарбек Бекшин, ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

–40 сынаманың ішінен ет өнімінің қаптамасында көрсетілмеген шошқа етінің ДНК-сы анықталды. Бұл өнім шығару кезінде технологиялық талаптарды бұзудың салдары. Мәселен, шошқа еті бар өнім де, халал таңбалы ет өнімдері де бір қондырғыда жасалады. Өндірушілерге тиісті ескертпе жіберіліп, сатылымнан 38 тонна ет өнімдері алынды.

Бұл елімізде адал өнімнен шошқа құрамы табылған алғашқы оқиға емес. Жандарбек Бекшин, дәрігерлер қанша күрессе де өнімнің тазалығын толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отырғанын айтады. Сараптамадан өткен шұжықтардың 70 пайызына жуығында, жартылай фабрикаттардың 20 және ет консервілерінің 7,5 пайызының құрамында шошқа бар болып шықты. Санитарлық талаптар бұзылған өнімдердің 88 пайызы импорттық тауар. Сырттан бүлініп келген өнімдердің көшін ресейлік импорт бастаса, екінші орында Қырғызстан тауарлары тұр. Ресейдің Курников және Ставрополь бройлері маркасымен сатылатын тауық етіне су егілгені де анықталыпты. Яғни еттің көлемін арттыру үшін ет арасына су жіберіліп, мұз күйінде Қазақстанда жіберілген. Еліміздің бас санитарлық дәрігері тұтынушыларды сақ болуға кеңес берді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы