Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні Жұлдызды бес жылдай уақыт бұрын бөлек шығарған, деп жазады Today.kz. Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Жұлдыз 5-6 жыл бірге тұрды, қазір бес жылдай болды бөлек шығарғанбыз. Балаларға қарап, үй жұмысымен айналысатын көмекшілері бар. Басқа-басқа, бірінші сол немерелерімнің жағдайы жасалынады ғой. Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Аман болсын», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова оқырмандарының біріне жауап ретінде.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова осы жылдың қыркүйек айында екінші ұлы Аянды үйлендірді. Екінші келіні Айгерім Нұртас туралы да продюсер желідегі парақшасына жылы жазбалар қалдырған. «Менің бриллианттарым» деп қос келінін мақтаудан жалықпайтын Айдарбекова кенже ұлы Заңғарға да Жұлдыз бен Айгерім сияқты жақсы келін болатын жар тілейтінін жасырмайды.