jasqazaq.kz

Гүлжан Исмурзина: «100 жаңа есім» жобасы түрлі этнос өкілдерін танытты

22 қараша 2017, 10:59

Жуырда Қазақстан Халқы ассамблеясының Маңғыстау облысы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен «Отан сенен басталады» тақырыбында өткен дөңгелек үстел өтті. Ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, этомәдени бірлестіктердің төрағалары және жастар қатысқан жиында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды.

–Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуымыз үшін болашаққа қалай басатынымызды және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарасын ортаға салды. Жаңғырудың басты шарты ұлттық кодты сақтай білу екенін баса айтты. Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынған болатын. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қыруар іс атқарып, ел дамуына зор үлес қосқан, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы этнос өкілдерін қоғамға танытып, жастарға үлгі етіп, «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасы әзірленеді, – деді Қазақстан Халқы ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина.
Жиында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылған сараптау кеңесінің мүшесі Алқажан Еділхан бағдарламаны іске асырудың бастапқы жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады. Бағдарламаны жасақтау, бекіту, іске асыру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында сараптау және басқару кеңесінің жеке құрамы, жұмыс тобы хатшылығының жеке құрамы бекітілгенін,облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің базасында орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіру және бағдарламаның жобаларын ілгерілету үшін өңірлік жобалық кеңсе құрылғанын хабарлады.
–Мен жастарды осы бағдарламаға үн қосуға шақырамын. Елбасы Н.Назарбаев ұсынған жаңғырту, жаңғыру жұмыстарына жастар да белсенді атсалысуы керек. Жас ұрпақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған жаңғыру жөніндегі ұсыныстардың маңызын терең түсініп, алған білім-білігін, жинаған тәжірибесін еліміздің дамуына, игілігіне жұмсауы тиіс, – деді өлкетанушы Алқажан Еділхан.
«Чосон» кәріс этомәдени бірлестігінің төрайымы Райса Маденова, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Шамсадин Гусейнов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде ойларын ортаға салды. Жастар да белсенділік танытып, ұсыныс- пікірін айтып, еліміздің кемел келешегі жолында қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті