Гүлнара Ибадуллаева: «Оранғай» еріктілері қашанда елмен бірге

13 шiлде 2023, 12:44

 

 

 

Соңғы жылдары елімізде еріктілер қозғалысы ерекше жанданып, қатары күн санап көбейіп келеді. Әсіресе, киелі Түркістан өңіріндегі волонтерлер ізгі істерімен көзге түсіп, ата-бабадан қалған жақсы қасиет – қиын сәттерде көмекке келіп, қол ұшын беру, мұқтаж жандарға демеу болып, қайырымдылық жасауда алдына жан салмай келеді. Айталық, Түркістан облысы, Сауран ауданындағы «Оранғай» еріктілер ұйымының атқарған жұмыстары орасан. Біз ұйым  жетекшісі  Ибадуллаева Гүлнарамен өңірдегі волонтерлік саланың өрісі турасында  әңгіме өрбіттік.

– «Оранғай» волонтерлік ұйымы қандай мақсатта, қай жылы құрылды?

Сауран  ауданында  сіздерден бөлек   тағы қандай волонтерлік ұйымдар бар?  Өзге волонтерлермен  әріптестік байланыс орнатасыздар ма?

— Біздің ұйымның құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. 2022 жылы Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Жалын» еріктілер клубы құрылған болатын. Қазіргі таңда клуб құрамында 100-ден аса ерікті жас бар. Бізде сол еріктілер клубымен қазіргі таңда көптеген іс-шараларды, қайырымдылық, экологиялық акцияларды бірлесіп өткізіп келеміз. Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Жалын» еріктілер клубымен бірге көптеген іс-шаралар, қайырымдылық шараларын, байқауларды өткіздік.

Атап айтар болсақ, Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірге, Құсшы — ата ауылы, «Балауса» лагерінде ашық аспан астында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру»  атты жолдауы аясында, Сауран ауданының әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлының  аудан жастарымен еркін форматта  кездесу өткіздік. Кездесу барысына біз де, Оранғай ауылдық округінің ерікті жастары да барып, іс шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан болатынбыз.

Кездесу еркін форматта өтті. Аудан әкімі көрмеге  қойылған   жастардың   жетістіктерімен, аудан жастарының жұмыстарынмен танысып, жастардың «Тек, Алға» әніне арнайы дайындаған флешмобын тамашалады.

Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан жедел штаб құрылып, аудан бойынша барлық ауылдық округтегі жастар ерікті түрде өз қол ұштарын созды. Бізде Оранғай ауылдық округінің ерікті жастары ретінде өз қол ұшымыз созып, ерікті жастармен бірге Қостанайға көмек қолын аттандырған болатынбыз. Көмек қоры ретінде азық-түлік, киім-кешек және төсек орын жабдықтарын жібердік.

– Ұйымға мүше волонтер  жастар қандай қамқорлық істерді жүзеге асырып келеді?

– Ұйымға мүше жастармен бүгінгі күнге дейін көптеген іс шаралар, қайырымдылық акциялары өткізіліп келеді. Мысалы,  Ауған соғысы ардагерлері күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық», «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» және басқада тақырыптардағы жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулып, жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуге үйрету мақсатында түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары жалғасын тауып келеді. Сондай-ақ жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында түрлі экосенбілік шаралары өтілуде.

Аудан жастары арасында еріктілікті насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс шараларда ұйымдастырылып, өз жалғасын тауып жатыр.

– Жергілікті әкімдік, облыс әкімдігімен  бірлесіп іс-шаралар өткізіп тұрасыздар ма? Әкімдіктің  волонтерлік ұйымға қолдауы қалай?

– Әрине, жергілікті әкімдік аудан жастарының еріктілік міндеттерін жоғары деңгейде атқаруына белсене ат салысып, үлкен қолдау көрсетуде. Демеу болмаса ісің ілгері баспайды. Әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.

– Ұйым жұмысын жандандыру мақсатында қандай іс-шаралар жүзеге асырылып келеді? Түрлі форум, басқосу жиындар өткізіле ме?

– Қандай шаралар өткізгенімізді  сөз басында айттым ғой. Алдағы уақытта да жоба-жоспарларымыз бар.

– Жуырда Түркістан қаласында өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  еріктілер қоғамның қозғаушы күші екенін айтты. 

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  киелі  Түркістан қаласында өткен ұлттық  құрылтайда «Мен еріктілер туралы үнемі айтып жүрмін. Себебі еріктілер – ең алдымен, патриот жандар. Олар еліміздің дамуына, оның келбетін жақсартуға зор үлес қосып жатыр. Біз бүкіл қоғам болып еріктілерді қолдауымыз керек, олардың еңбегін бағалап, марапаттап отыру қажет» деген болатын. Сондықтан да біздің облысымызда да волонтерлерге ерекше көңіл бөлінеді дер едім. Расымен де еріктілер қоғамның қозғаушы күші.

–Ерікті  болу үшін адамға қандай қасиет керек?

–Ерікті болу және еріктілікпен айналысудың мәні – әрбір қазақстандықтың бойындағы патриоттық сезімнің нық болуында. Қазақстанның азаматы ретінде барлығымыз волонтер болып, мүмкіндігінше, қолдан келгенше көмектесуіміз қажет. Волонтерлік қызмет қай уақытта болса да жоғары бағаланған және бағаланады да. Бүгінде елімізде сан алуан еріктілердің ұйымы көбейіп, уақыт өткен сайын дамып келе жатыр. Болашақта олардың саны одан әрі арта түседі деген сенемін.

– Сіздердің ұйымға мүше болғысы келетін жастардың қатары көп пе?

– Әрине, аудан жастары да түрлі шаралар барысында, түрлі төтенше жағдайлардың басы-қасында жүріп, өз көмектерін көрсетіп, еріктілік жұмыстарға бір кісідей ат салысып келеді. Шаралардың барысында, өз ізгі тілектерін білдіріп, клуб  ұйымына мүше болуға өз ұсыныстарын айтады.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды