Грузия азаматының көлік тонау тәсілі талайды көрген теріскейлік тергеушілерді таң қалдырып отыр. Бұл туіралы КТК телеарнасына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.
Ол Петропавлда машинаның құлпын бұзбай, дабыл қаққыш жүйенің толқынын сканерлеп, өзінің айтуынша, темір тұлпар ішінен тек ақша ұрлап отырған.
Заманауи тәсілді ойлап тапқан ұрының еш білімі де жоқ. Төрт рет сотталған 43 жастағы Грузия азаматы бұл кәсіпке түрмеде отырғанда бейімделсе керек. Тәртіп сақшылары оны сыбайласымен бірге кезекті көлікті тонап жатқан сәтте қолға түсірді.
Құрықтау кезінде ұрылардан дабыл жүйесін сканерлейтін құрылғы, ұялы телефондар мен бірнеше сим-карта тәркіленді. Шетелдік азамат машинаны тонап жатқанда, сыбайласы көлік иесін аңдып тұрады екен. Ол қанша машинадан ақша үптегенін нақты айта алмады.