jasqazaq.kz

Грозныйда алапат дауыл болды (видео)

28 тамыз 2016, 15:57

Сенбіден жексенбіге қараған түні болған дауылдан Грозныйдағы ондаған ғимарат қирады.
Шешенстан Республикасының Төтенше жағдай министрлігі 1995 жылы туған қыздың қаза тапқанын мәлімдеді, ол жеке баспана қабырғасы құлағанда, үйіндінің астына қалған, деп жазады Би-би-си.
Сонымен қатар, кірпіш зауытының күзетшісі де зардап шекті, оның төбесіне бастырма құлаған, қазір ауруханада жатыр.
Мәскеу уақытымен түнгі 01:10-да алапат дауыл Грозный қаласындағы, Надтеречное елді мекеніндегі және Урус-Мартан ауданындағы 9 қоғамдық нысанға, бес көпқабатты үйге және 59 жеке үйге залалын тигізген. Нысандардың көпшілігінің шатыры ұшып кеткен.

Атап айтқанда, үш мектеп, Грозный қаласындағы Орталық перзентхана және соғыс ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық ауруханаға зақым келген. ТЖМ хабарлауынша, зақым келген үйлерде 358 адам өмір сүрген, оның 121-і балалар.
Грозный қаласының мэрі Муслим Хучиев қалада төтенше жағдай режимін жариялады. Апат салдарын жою үшін жедел штаб құрылды.

serke.org

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады