Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 2018 жылғы «үздік жекпе-жек» атағына үміткер кездесулердің тізімін жариялады.Сонымен қатар Головкин жылдың «үздік боксшысы» атануға да үміткерлер қатарында, деп хабарлайды vesti.kz.
«Таңдау оңай болмады. Жалпы керемет жыл болды. Жылдың «үздік боксшысы» атағына Рунгвисаи, Головкин, Уайлдер және Берчельт секілді боксшылар кірді. Ал жылдың «үздік жекпе-жегіне» Головкин − Альварес, Варгас − Берчельт, Джек − Дигейл және Санта Крус − Фрэмптон II кездесулері таңдалып алынды», — деп келтіреді Сулейманның сөзін vRINGe.com порталы.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең нәтиже тіркелді. Осылайша отандасымыз өзіне тиесілі орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC и IBF белбеулерін сақтап қалды.