Youtube желісінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 15 жыл бұрынғы видеосы жарияланды, деп хабарлайды Today.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
2002 жылы Головкин Астанада өткен әлем Кубогында әуесқой деңгейде ресейлік Андрей Балановпен жұдырықтасқан. GGG-ның әуесқой бокстағы статистикасы 354-5 болған.
Баланов болса, кәсіпқой боксқа ауыспағанымен, әуесқой деңгейде болашақ жеңімпаздар Деметриус Андраде мен Эрисланди Лараны жеңген.