jasqazaq.kz

Головкин Сергей Ковалевті бір ұрып нокаутқа түсірді (видео)

07 қыркүйек 2016, 10:45

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жаттығу кезінде жартылай ауыр салмақта сынға түсіп жүрген ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа жіберді. Мұны британиялық боксшы Джонни Нельсон Sky Sports News HQ арнасына берген сұхбатында айтты.  Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.6 қыркүйек күні Лондон орталығындағы Ковент-Гарден алаңында өткен Головкиннің ашық жаттығуы кезінде Джонни Нельсон ешкімге айтылмаған бір сырды жайып салды.

«Мен тренажер залында болған бір сұмдықты естідім. Мұны айтып, Брукты үркіткім келмеп еді. Головкин жаттығу кезінде Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріпті. Алайда, мұны әзірге Келл естіген жоқ. Міне, Головкиннің соққысы осындай. Ковалев – жартылай ауыр салмақтағы боксшы, ал Головкин оны елеген де жоқ», – дейді Нельсон.

Естеріңізге саламыз, Головкин мен Брук арасындағы жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондондағы 20 мың жанкүйер сыятын О2 аренада өтеді. «Қазақстан» ұлттық арнасы бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады