jasqazaq.kz

Головкин Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды

13 желтоқсан 2017, 12:01

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті, 13-ші сессиясында депутаттар бір ауыздан дауыс беріп, осындай шешім шығарды. «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы өңір мен елге ерекше еңбек сіңіргені үшін беріледі. Мұндай марапатты шығару үшін кәсіпорыннан, мемлекеттік мекемеден немесе қоғамдық ұйымнан өтініш түсірілуі тиіс. Құрметті азамат атағы өмір бойына беріледі, бірақ сотты болған жағдайда одан айырылып қалуы мүмкін. Бұл атақты алу үшін азаматтың кем дегенде он жыл бойындағы қызметі өңірмен байланысты болуы керек. 34 жастағы Головкин Қарағандыда туып-өскен. Қазіргі уақытта ол кәсіпқой бокста Қазақстаннан шыққан жалғыз әлем чемпионы әрі The Ring және ESPN тұжырымдары бойынша беделді рейтингтерде салмақ категориясына тәуелсіз үздік боксшылар тізімінде көш бастап тұр.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң