Күні кеше еліміздің шығыс өңіріне деректі фильм түсіруге келген Голливуд актерлері жөнінде отандық БАҚ жарыса жазған еді. Енді, міне, желіде танымал Голливуд актрисасы Бай Линнің Халифа Алтай атындағы Өскемен мешітіндегі қол жайып отырған суреті желіде қызу талқыға түсті.
Nur.kz хабарлағандай, америкалық актрисаның мешіттегі суреті елдің қызу талқысына түсті. Дұғаға қол жайған актриса буддистердің құлшылық ету кезіндегі әрекетін қайталаған. Желідегілер бұл суретті көріп, күлкіге айналдырса, екіншілері Алла үйінде буддистерше құлшылық еткен қытай актрисасының әрекетін түсінбей әлек болды.