jasqazaq.kz

Германияда кездесу өткізген Ақаевқа қырғыздар жұмыртқа лақтырды (видео)

10 желтоқсан 2017, 11:10

Желтоқсанның 9 күні өз елінен қашқан Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Германиядағы отандастарымен кездесті. Ақаевтың жанында жары Майрам мен қызы Бермет болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Кездесудің ұйымдастырушылары Facebook желісінде тікелей эфир жүргізді.

Кейбір қатысушылар «Ақаев кет» деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Ақаев сөз сөйлеген уақытта кездесуге келгендер одан қырғыз тілінде сөйлеуді талап етті. Бірақ ол бұйрық бермеу керек екенін айтты.

«Бұйрық бермеңіздер. Сіздер Қырғызстанда емес, демократиялы ел Германиядасыздар. Қай тілде сөйлегім келсе, сол тілде сөйлеймін» — деп кесіп айтты ол.

Көптеген сұрақтарға Ақаев жауап бермейтінін мәлімдеді. Осы кезде қатысушылардың бірі оның тарапына қарай жұмыртқа атқан. Бұл әрекет Ақаевтың қызының ашуын тудырып, Бермет әкесін жемқор деген ер азаматпен ұрсысып, оны бірнеше рет сөмкесімен ұрып жіберді. Оқиғаға полицейлер араласуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, Асқар Ақаев Қырғызстанда 1990- 2005 жылдар аралығы «қызғалдақ» төңкерісіне дейін президент болды.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң