jasqazaq.kz

Германия үкіметі отставкаға кетті

25 қазан 2017, 16:16

Германия үкіметі отставкаға кетті. Алайда жаңа үкімет қайта құрылғанға дейін оның жұмысын қазіргі министрлер кабинеті жалғастыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Regnum агенттігіне сілтеме жасап.

ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Бельвю (Берлин) сарайында өткен салтанатты рәсімде Германия үкіметінің мүшелеріне демалысқа шыққанын растайтын куәлікті тапсырды. Осылайша, Ангела Меркель бастаған үкімет таратылды. Штайнмайер Германияның канцлері Ангела Меркелден жаңа үкімет құрылғанға дейін кабинеттің басшысы міндетін атқаруын сұрады. «Мен жаңа үкімет құрылғанға дейін канцлер міндетін атқара беруді сұрадым», — деді мемлекет басшысы төрт жыл бойы табысты жұмыс істеген министрлер кабинетіне алғыс айта отырып. Еске сала кетсек, Бундестаг сайлауы 24 қыркүйекте өткен еді. Онда Меркель бастаған ХДО/ХСО альянсы 33%-бен көш бастаған болатын.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс