jasqazaq.kz

Германия Өзбекстанға 100 миллион еуро несие береді

20 ақпан 2018, 18:12

Өзбекстан сыртқы экономикалық қызметінің ұлттық банкі мен Германияның «AKA» банкі өзбектердің еуропа мемлекеттерімен экономикалық және сауда қарым-қатынастарын дамыту мақсатында 100 миллион еуро құндылығындағы келісімге қол қойды. Бұл ақпаратты «Fars news» агенттігіне сілтеме жасап «ca-irnews.com» сайты хабарлады.

Аталмыш екіжақты келісім 2017 жылдың 14-17 қарашасы аралығында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың Германияға іс-сапары шеңберінде қол жеткізілген келісімнің негізінде жасалды. Келісімге сәйкес, Өзбекстан ұлттық банкіне несие инвестиция жобаларын, сондай-ақ, Германия мен өзге Еуропа мемлекеттерінен тауар импорттаудағы жеке сектор кәсіпкерлерінің шағын жобаларын қаржылай қамсыздандыру мақсатында беріледі. Қазіргі уақытта Германия Өзбекстанның ең ірі әріптестерінің бірі болып табылады.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды