jasqazaq.kz

Газ өндірісі артады

30 мамыр 2023, 11:27

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелерін шешу жайы талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру, тұрғындарды, өнеркәсіптік нысандар мен коммуналдық қызметтерді отынмен қамтамасыз ету шаралар, сондай-ақ бірқатар басқа да мәселелер қаралды.
Іске асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде таяу жылдары республикада тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артуға тиіс екені айтылды.
Бұдан бөлек, газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу шаралары қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Ә.Смайылов құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға саланы дамыту шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң