Ғалымдар Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бастамашылық еткен конституциялық реформаның негізгі қағидаттары жаңа Конституция жобасында көрініс тапқанын атап өтті.
Ғалымдардың пікірінше, бұл өзгерістер қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Осыған орай, гуманитарлық сала өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, оның қағидаттары мен нормалары еліміздің ұзақ мерзімді дамуына қызмет ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар олар азаматтарды саяси мәдениетті нығайтуға және ел болашағы үшін маңызды саналатын республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.


WhatsApp: +7 705 717 9113



