jasqazaq.kz

Головкинді ығыстырды

21 қараша 2016, 19:15

snimok

WorldBoxingNews.com басылымы салмақ дәрежесіне қарамайтын ең мыңты боксшылардың P4P рейтінгін жаңартты, — деп жазады Vesti.kz.

tengrinews.kz хабарлағандай, бұл тізімге 50 боксшы кірген. Жаңа рейтінгті Андре Уорд бастап тұр, ол осы жылы 12 орыннан бірінші сатыға көтерлді. Мэнни Пакьяо да тоғызыншы орыннан екінші орынға көтеріліп, көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан. осы жайттарға байланысты қазақстандық Геннадий Головкині үштіктен шығып қалды.

WBN рейтінгі бойынша үздік ондық:
1. Андре Уорд (қаңтарда 12-ші болған)
2. Мэнни Пакьяо (9)
3. Роман Гонсалес (2)
4. Геннадий Головкин (3)
5. Теренс Кроуфорд (7)
6. Сергей Ковалев (4)
7. Сауль Альварес (5)
8. Гильермо Ригондо (6)
9. Василий Ломаченко (31)
10. Карл Фрэмптон (34)

Рейтинг өткізілген жекпе-жектер саны, қарсылас деңгейі, белбеуді ұтып алу, спорттағы жетістігі мен бокстағы мәнері бойынша жасалды.

Уордтың алғашқы орынға шығуына өткізген жекпе-жектер саны да әсер еткен. 2016 жылы ол үш кездесу өткізді, ал рейтінгтегі өзге боксшылар екі немесе бір ғана жекпе-жек өткізген.

Еске салайық, соңғы жекпе-жегінде Уорд төрешілердің ортақ шешімімен ұпай саны бойынша Сергей Ковалевті жеңіп, оның жартылай ауыр салмақтағы WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша белбеулерін тартып алған болатын.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету