Ғаділбек Жаңай: «Мен өмірімде той жүргізбеген адаммын»

21 шiлде 2023, 15:21


Әнші Ғаділбек Жаңай отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде өзінің асаба болғаны кезі жайлы сөз етті.
«Мені алғаш Алматыға келгенде ақтаулық Арман деген музыкант жігіт күтіп алған. Сол жігіт маған: «Ғадөш, ресторандарға «тойға қатысты маған хабарласыңдар” деп нөміріңді қалдырып кет» деді. Кім біледі? Бірде музыкант, асаба керек болып қалады. Келесі күні маған телефон шалады. Администратор қыз «тойға шығасыз ба?» деп хабарласады. Мен өмірімде той жүргізбеген адаммын. Бірақ қалтамда көк тиын жоқ, келістім. Сөйтсе, той иелері келіскен асаба келмей қалыпты. Кешке болатын тойға түскен кейін барып алдым. Костюм тозып кеткен, көк түсті көйлегімнің өңі кетіп қалған. Таныс асабалардан сценарийді сұрап, дайындалып отырмын. Сөйтсем түрлері басқаша адамдар кіріп келе жатыр. Администратордан сұрасам, ұйғырлардың тойы екен. Мен қазақша жүргіздім, олар орысша, ұйғырша сөйлесіп, тілек айтты.Той иесі жақсы кісі екен. «Жалғыздың жары Құдай» демекші, той күшті өтті. Өзім таңғалдым, өзімді шоумен сезіндім. Бірде ұйғырша ән сұрады. Қонақтар тілек айтады, «Тойнаме» әні ойнайды, мен шақырамын. Сөйтіп той өтті”, – дейді өнер иесі.
Әнші сол кезде тойдың иесі жомарттық танытып, өзінің еңбегін жоғары бағалағанын айтты.
«Сол кезде тойды жүргізгенім үшін 100 доллар берді, одан бөлек қызын құттықтағаным үшін екі мың теңге берді. Тойдан шығып: «Әлемдегі ең бай адам кім? Ғаділбек Жаңай» деймін ғой. Сол ақшаға заттар сатып әкеліп, Мира әпкем, сіңілісі Арай бар түнімен тойлаттық», – дейді Ғаділбек Жаңай.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды