Оқиға Үндістанда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Әуесқой командалар арасындағы чемпионат аясында өткен матч кезінде төбелес шықты. Футболшылар бас төреші мен қапталдағы арбитрларға жұдырық ала жүгірген. Ойыншылардың бірі бас төрешіні ішінен тепті.
Ойын кезіндегі келеңсіз жайттың видеосын спорт журналисі Шаджи Прабхакаран твиттердегі аккаунтында жариялады.
«Бұл адамдар мұндай әдемі ойынды ойнауға лайық емес», — деп жазды журналист.
These players doesn’t deserve to play the beautiful game. pic.twitter.com/2Lltw4yulI
— Shaji Prabhakaran (@Shaji4Football) 19 октября 2017 г.