Футболшы боламын десең…

20 мамыр 2016, 12:13

база кайрат

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деу бүгінде орынсыз. Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол академиясында болғанымызда, жасөспірімдердің доп ойнағаннан тозып жүргенін байқамадық. Керісінше, футболға қызығушылық танытқан жас өрен үшін барлық жағдай қарастырылған. Халықаралық талапқа сай кеңседе үш ашық алаң бар. Сонымен қатар жылдың төрт мезгілінде де дайындалуға болатын жабық алаң да қарастырылған. Осыдан кейін тиісті деңгейде футбол ойнамай көр.

Кешеннің екінші қабатына көтерілдік. Екі оқу сыныбы, медициналық кабинет, балалардың дем алатын бөлмесі, компьютерлік ойын орталығы, клуб қызметкерлерінің кеңсесі, бапкерлер бөлмесі, киім ауыстыратын орын, асхана, жатын орын бөлмелері. Болашақ футболшылар тек футбол ойынымен ғана машықтанып қоймайды. Бос уақытында шахмат пен үстел теннисін ойнауға болады. Спорт кешеніне 8-13, 14-18 жас аралығындағы тәрбиеленушілер қабылданады. Әрқайсысы өз жасына сай топта жаттығады. Кешенге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150 оқушыға орын бар. Ерекше қабілетімен көзге түскен балалар, академияға қабылданып, тегін оқи алады. Академияға аудандық, облыстық, республика көлемінде жүргізілген жарыстарда көзге түскен жас өрендер қабылданады. Оларды арнайы комиссия құрамы мен, тәжірибелі бапкерлер анықтайды. Өткен жылы осы академияның ойыншысы, жартылай қорғаушы Рамазан Оразов 17 жасқа дейінгі футболшылар бойынша (U-17) Әлем құрамасының сапына шақырылыпты. Сапарымыз «Қайрат» футбол клубының Бесағаш елді мекеніндегі оқу-жаттығу кешенінде жалғасты. Журналистерді қарсы алған «Қайрат» футбол клубының бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев кешеннің құрылысымен таныстырды. Оның айтуынша, бұл ел футболының болашағы үшін жасалып жатыр.

тренажерка

Сондай-ақ ол қазіргі таңда жас өрендерді қабылдау үшін 28 нұсқау қабылданып, футболшыларды таңдау, еліміздің барлық өңірі бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. 12 гектарды алып жатқан академия аумағында 5 ойын алаңы бар. Оның үшеуі табиғи жасыл желек болса, екеуіне жасанды жасыл желек төселген. Базаның басты ерекшелігі footbonaut арнайы жаттығу құрылғысымен жабдықталуы. Құрылғы төрт қабырғамен қоршалған алаңнан тұрады. Тиісінше әр қабырға ұзындық бойынша тоғыз шаршыдан түзілетін екі қабатқа бөлінген. Алаң ортасына футболшы орналасатын шеңбер сызылған. Жаттығу басталмас бұрын футболшы сол шеңбер ортасына барып тұрады. Ары қарай құрылғы іске қосылып, компьютер төрт қабырғаның бірінен ойыншыға пас бергендей доп жібереді. Сол сәтте басқа бір бұрышта орналасқан шаршылардың біреуі жасыл түс болып жанады. Футболшы өзіне жіберілген допты қабылдап, жасыл түс жанған шаршыға белгілі бір уақытта салып үлгеруі тиіс. Жаттығу соңында салынған доп саны мен жылдамдықты есептеп, ойыншының мүмкіндіктерін бағамдауға болады.

Мақпал Ноғайбаева

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?