Екінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Доп додасына барлығы 16 команда қатысып, шығысқазақстандық «Алтай» құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
«Алтай» барлығы 30 ойын өткізіп, оның ішінде 15 матчты өз алаңында, қалған 15 ойынды сырт алаңда ойнады. Алғашқы 3 ойын Өскемендегі «Восток» алаңында өтсе, кейін Семейге барып «Спартак» алаңында кезекті ойындар жалғасын тапты. «Алтайдан» кейін тұғыр сатысына алматылық «Қайрат» командасы және Екінші лиганың қола жүлдегерлері шымкенттік «СДЮШОР №7» ұжымы жайғасты.
30 ойында «алтайлықтар» 22 ойында жеңіске жетті, 5 ойында тең түссе, тек 3 ойында ғана жеңілістің ащы дәмін татты. «Рузаевка» командасын (1:0), есебімен ұтқаннан кейін, жеңімпаз және жүлдегер командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. «Алтай» құрамасының капитаны Евгению Кострубке чемпиондық тондо берілді және команда ойыншыларына медальдар табыс етілді.
«Алтай» командасы мына ойыншылармен өнер көрсетті: Нұржарық Кунов, Салман Хабаев, Шейхислам Құлахметов, Денис Щёткин, Евгений Нохрин, Қуаныш Советов, Бауыржан Тәңірбергенов, Дәурен Қайқыбасов, Николай Забродин, Ануар Сапарғалиев, Исламбек Асан, Олег Овчинников, Аманбол Алиев, Серікжан Жүрсінбеков, Руслан Хаиров, Алексей Мальцев, Руслан Мусин, Арман Нусип, Эдуард Троменшлегер, Сергей Шевцов, Евгений Коструб.
Айта кетейік, шығысқазақстандық құраманың директоры қызметін Асхат Ақылбеков атқарып жүр.
«Алтай» командасы келесі маусымда ҚР Бірінші лигасында ойнайтын болады.