2018 жылы 15 маусымы мен 15 шілде аралығында футболдан Ресейде өтетін әлем біріншілігіне қатысатын барлық құрама белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем чемпионатында 32 команда өнер көрсетеді.
Олар: Еуропадан — Германия, Дания, Англия, Польша, Бельгия, Испания, Исландия, Португалия, Швеция, Сербия, Швейцария, Франция және Хорватия құрамалары.
Оңтүстік Америкадан — Бразилия, Перу, Колумбия, Аргентина және Уругвай құрамалары.
Азия елдерінен — Иран, Сауд Арабиясы, Жапония, Австралия және Оңтүстік Корея құрамалары.
Африка құрлығынан — Тунис, Марокко, Мысыр, Нигерия және Сенегал құрамалары.
Солтүстік Америкадан — Коста-Рика, Панама және Мексика құрамалары
Әлем чемпионатына жеребе тарту 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.