jasqazaq.kz

Футбол қақпасы құлап, оқушы жан тапсырды

15 қазан 2016, 19:17

20161015182744

Қайғылы оқиға 5 қазан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылында болған екен. М.Орынбасаров атындағы ауыл мектебінің футбол алаңында 11 сынып оқушысына қақпа құлап, бала жан тапсырған.

Aktobetimes.kz редакциясының ақпаратына сүйенсек, 17 жастағы Нұрсерік ауданаралық жарыстан кейін қаза тапқан. Баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен көрінеді.
Шалқар ауданы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарып отырған Амангелді Қонатбаев жарыс туралы ақпаратты жоққа шығарған. «Ешқандай жарыс болған жоқ. Оқушылар кешке жақын ауыл шетіндегі футбол алаңына барған. Бұл алаңды оқушылардың өзі жабдықтаған. Нұрсерік қақпаның үстіне шыққан кезде, қақпамен қоса құлаған шығар… Осы іс бойынша бізге комиссия келіп кетті. Комиссияның қорытындысы — қайғылы оқиға…», — дейді ол.
Нұрсерік Тұмалыкөл ауылының мектебіне биыл ғана ауысып келген екен. Бұған дейін Ырғыз ауданына қарасты ауылдардың бірінде білім алған. Марқұмның ата-анасы сол Ырғыз ауданындағы ауылда тұрады.

ҚазАқпарат

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы