jasqazaq.kz

ForteBank жеке мәліметтерімді жария етті деп кінәлаған алматылық келіншекке жауап берді

26 қазан 2017, 16:20

ForteBank алматылық келіншек Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтерімді жария етті деген мәлімдемесіне қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін алматылық Анна Дмитриевич Facebook желісінде Egov арқылы бұрын оның мекенжайы мен жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы біреу алғанын жария еткен болатын. Аннаның өзі бұл уақытта шетелде оқуда болған. ХҚКО қызметкерлерінің айтуынша, анықтамалар ForteBank қызметкерінің сұрауымен алынды. «Банк Аннаның мәлімдемесін толық қолдайды және жеке бас мәліметтерін қорғау туралы заңнаманың бұзылуына қарсы. Бұл посттан кейін банкте дереу тексеру жүргізілді. Нәтижесінде банкте аты-жөні сондай ешбір адам жұмыс жасамайтыны анықталды. Ал айтылған ЖШС-ның банкке еш қатысы жоқ. Алайда тексеру жалғасады. Жағдай жақын арада белгілі болады», — деді банктің баспасөз қызметінен.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс