jasqazaq.kz

Фильмге түсіп, талай рет сүйегі сынған Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алды

13 қараша 2016, 16:07

photo_31463

Әлемге танымал актер әрі режиссер Джеки Чан кинематографияға қосқан зор үлесі үшін «Оскар» сыйлығын алды.

Tengrinews.kz хабарлағандай, сенбіде Лос-Анджелесте өткен марапаттау рәсімінде 62 жастағы Чан бұл сыйлықты аламын деп ойламағанын жасырмады.

«200 фильмнен кейін, соншама сынған сүйектен кейін, бұл («Оскар» — Авт.) менікі», — деді ол.

Қытай актерінің «Оскар» сыйлығын алатыны жайлы хабар биыл қыркүйекте шыққан болатын. Шығыс жекпе-жектерінің шебері өз мансабында жүздеген фильмге түскен.

Америкалық академияның кинематографияға қосқан үлесі үшін берілетін құрмет сыйлығы 1948 жылы бекітілген еді. Оны киноакадемия басшылығы тағайындайды.

snimok

Forbes журналының мәліметінше, Чан табысы жоғары актерлердің тізімінде екінші орынды алып тұр екен (61 миллион доллар).

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету