Фейкпен күн көретін сайттар бар

26 маусым 2020, 11:43

Қазір қазақ сайттары орыс аудиториясымен бәсекелесе алатын жағдайда. Біз журналистика саласында жүргеннен кейін кейбір әріптестерімізбен сөйлесеміз. Мысалы, қазақ тілді сайттарға әлеуметтік желі арқылы кіретін оқырман көп. Ал орыс тілді сайттарға оқырмандар әлеуметтік желіден мүлдем кірмейді. Олардың басымдығы «поиск» арқылы іздеуінде. Одан кейін, бізде ботофермалар бар.

Ботоферма дегеніміз – бірнеше фейк аккаунты бар адамдар. Осы боттар кейбір орыс сайттарындағы мақалаға пікір қалдырып, таратып, олардың қаралымын арттырады. Орыс сайттарын дамытып отырған осы боттар. Ал қазақ тілді сайттар өз аудиториясын әлеуметтік желі арқылы қамтып отыр. Бұл жақсы көрсеткіш. Біз бір жағынан әлеуметтік желіні меңгеріп отырмыз. Тағы бір жағынан өзіміздің жұмысымызды көрсетіп отырмыз.

Қазір қазақ сайттарын орыстың ірі сайттарымен салыстыруға келмейді. Өйткені біздің мүмкіндік әлі де жетіңкіремейді. Олармен шынайы бәсекелесу үшін елімізде мемлекеттің тілдің мәселесі шешілуі керек. Қазақ тіліне басымдық беріліп келе жатыр. Қазақ тілінде киномыз бар. Қазақ тілді аудитория қалыптасты. Бұрын Алматының Республика сарайына Ресейдің әншілері кезек-кезек келіп концерт қойып, қомақты қаламақы алып кететін. Қазір оларға сұраныс жоқ. Олардың орнын өзіміздің әнші қыз-жігіттер басты. Сондықтан алдағы уақытта нақты қазақ тілді ақпаратты пайдаланатын буын пайда болатынына сенемін.

Мені мазалайтыны Ресейде шығатын басылымдардың Қазақстандағы филиалының контенті. Аттарын атамай-ақ қояйын. Бірақ жүргізіп отырған саясаты сорақы. АҚШ-қа жұмыс істейтіндері бар. Біздің мемлекетіміз АҚШ-пен жауласқан емес. Ал ол басылымдар екі елді бір-біріне қарсы қойып отырады. Меніңше, ақпарат министрлігі осы мәселені назарына алуы керек. Қазақ журналистикасын дамыту үшін көп ізденіс қажет. Үнемі жаңа нәрсені үйренуге талпынғанымыз абзал. Оқырманды қызықтыру үшін жаңа әдіс-тәсіл меңгерген жөн. Бір кездері қазақ басылымдары тым әдебиетшіл, мәдениетшіл болғаны рас. Қазір біз бәсекеге қабілетті екенімізді дәлелдедік. Әрі қарай даму үшін қазақ журналисткасында жұмыс істеп жүрген мамандарды жастардың орнына шетелге оқуға жіберсек. Олар мамандықты монетизациялау әдістерін игеруді үйреніп келсе, игілігіне пайдаланса деген ойым бар.

Қазақ тілді сайттар неге шұғыл ақпарат бермейді? Бұған біз кінәлі емеспіз. Өйткені кез келген министрліктің ақпараты алдымен орыс тілінде жарияланады. Қазақ тілдісі де болады. Бірақ қазақ тіліндегісі түсініксіз. Өз ана тілімізде ақпарат беру нақты бір жолға қойылмаған. Министрлік тарапынан қазақ тілінде мағыналы ақпарат таратылып, көпшілікке ұсынылса деген ойымыз бар. Егер біздегі тіл мәселесі шешілсе, онда орыс аудиториясымен емес, өзара бір-бірімізбен бәсекеге түсіп жатар едік. Тіл мәселесі болғаннан кейін, біз екі «фронтқа» бөлініп алдық. Бұл бізге зиян. Орыс аудиториясы бір-бірімен бәсекелес. Біздегі тіл мәселесі шешімін тапса, бізде бір-бірімізбен бәсекелес болар ма едік, кім білсін?!

Думан Бықай,
«Қала мен дала» газетінің
Бас редакторы

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?