Фариза Төреәлі күйеуіне 7 миллионға сағат сыйлады (Видео)

24 шiлде 2023, 13:00

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі күйеуінің туған күніне орай керемет тосын сый жасап, құны 7 миллион болатын сағат сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Екі ай бұрын сыйлығымды дайындап, дәл осы сағатты ұзақ іздеп, Алла қалауымен таптым! Алған кезде қуанышымда шек болмады, себебі бұл модельді табу оңай емес екен, бәрі ниетке байланысты ғой, Раббым бұйыртты. Екеуміз енді шаңырақ көтергелі жатқанда, тойға дайындық кезінде Дәкем 6 миллионын жоғалтқанын айтып едім. Қазір ерекше шүкіршілікке бөленіп отырмын, себебі мен сендім! Аллама сендім, Дарханның әлі талай белестерді бағындыратынына, оның потенциалы мықты екеніне сендім! Ал міне бүгін, құны 7 миллионның сағатын сыйлап жатырмын Раббым қалауымен. Сіз бар жақсыға лайықтысыз, палуаным! Қуанышты күндеріміз көп болсыншы”, – деп жазды Фариза Төреәлі.

Stan.kz жазғандай, қымбат сағатты сатып алу оңай болмаған. Блогер сыйлықты қалай таңдағанын айтып берді.

“Бұл сағатты алудан бұрын табудың өзі маған оңайға соқпады. Бірі білсе, бірі білмес. Көптеген брендтерге барсаң, қалағаныңды ала саласың ғой. Ал Rolex-те ондай емес екен. Сен кезекке тұруың керек. Ол кезекке жазыласың, уақыты қашан келері белгісіз. Кей адамдар 1-2 жылдап кезек күтеді. Қолыңда ақша болса да, барып ала салмайды екенсің”, – дейді блогер.

Фариза сағатты тауып, төлем жасайтын кезде сіңлісі Динаның көмегіне жүгінген. Сағатты өзі сатып алып, күйеуі қомақты қаражаттың неге жұмсалғанын білсе, тосын сый ойдағыдай шықпайды деп ойлаған.

“Динаға Дарханнан қарыз сұрап, жетпегенін өзі қоса тұруын сұрадым. Ол сборға кеткенде қайтарамын деп уәде еттім. Басқа ешқандай вариант ойыма келмеді. Дархан тіпті маған айтпай, Дина сұраған сәтте ақшаны аудара салыпты. Сондай сәттерде ниетінің тазалығына Аллама шүкір айтамын”, – деп жазды ол.

Фариза Төреәлі туған күн иесіне сыйлығын табыстаған сәтін желідегі парақшасына жүктеді. Алайда желі қолданушылары жеті миллионға сағат сыйлауды ысырапшылдыққа балады. “Ысырапшылдық деп ойлаймын”, “Жеті миллион деген үлкен қаражат қой”, “Сыйлықты осынша ақшаға алдым деп жарияға жар салғаныңыз жарамады”, “Аш бала тоқ баламен ойнамайды”, “Жеңіл келген ақша, осылай жеңіл кетеді”, – деп жазды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды