Фариза Ескермес: «Қыздардан өзінен үлгі алмауын өтінді»

21 шiлде 2023, 12:17

Актриса Фариза Ескермес әлеуметтік желіге өзінің денсаулығы сыр беріп жүргенін сөз етті.
Өзіне еліктейтін оқырман қыздардан өзінен үлгі алмауын өтінді.
Оқырманның: “Сіз сияқты сымбатты болғым келеді. Құпияңыз неде?” деген сауалына актриса: «Достар, менен үлгі алмаңдар. Мен арықпын, бірақ денсаулығым сыр беріп жүр. Шашым қатты түсіп жүр, ештеңеге тәбетіп жоқ. Бұл жақсы нәрсе емес. Қазір ағзамдағы темірді көтеру үшін дәрі ішіп жүрмін. Сымбатты мүсін денсаулығың жақсы дегенді білдірмейді. Өз-өздеріңізбен болыңыздар. Спортпен айналысыңыз, пайдалы тағам жеңіз, өмірден рахат алыңыз”, – деп жауап берді.
Сондай-ақ актриса басқа қыз-келішектер секілді қазан-ошақтың басында жүрмейтінін мойындады.
“Мен үйде тамақ жасамаймын. Тамақ жасағанды ұнатпаймын, оның үстіне ол нәрсе қолымнан келмейді. Күнде дәмханаларға барамын, тапсырыс беремін немесе түсірілім алаңында тамақтанамын”, – дейді Фариза.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды