jasqazaq.kz

Еуропаны азат етуге қатысқан қазақтар

31 қантар, 13:53

Екінші дүние жұзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тарихшылар мен зерттеушілердің еңбегінің арқасында бұрын белгісіз болып келген кейбір жәйттердің беттері ашылуда. Мысалы, партизан қоғалысының қатарында Франция, Бельгия, Голландия және басқа да Еуропа елдерін фашистерден азат етуге қатысқан қазақтар туралы бұрын көп айтылған жоқ.
2025 жылғы 30 қаңтарда ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейінде «Еуропада етігімен су кешкендер» атты көрменің саланатты ашылуы болып өтті.


Салтанатты шараға Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы әскери атташесі, полковник Робер Аземанн және «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев, сол соғысқа қатысқан майдангерлердің тікелей ұрпақтарымен бірге Еуразия Ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері де қатысты.
Генерал-майор Марат Нағұманов «Кеңестер Одағы Белоруссия, Украина жерлерінде қан төккен қазақ партизандары туралы біз жатқа білдік, бірақ Еуропа елдерінде шайқасқан ерлер жайлы енді естіп жатырмыз» деді. Содан кейін ардагер аға әлем елдері, оның ішінде қазақ-француз халықтары үшін Жеңістің 80 жылдығының қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Екі жыл бұрын Сталинград шайқасының 80 жылдығына арнайы келген генерал Шарль де Голльдың немересі Пьермен танысып, пікір алмасқаны туралы да айтты.


«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев өз сөзінде ұйымның қызметі мен жоспарлары, оның ішінде Еуропада қаза тапқан қазақстандық сарбаздарды іздеу мәселесіне тоқталды. Қолда бар деректерге сүйенсек, 2,2 миллионнан астам қызыл әскер, оның ішінде қазақтар да белгісіз болып жерленген.
Көрмеде Еуропа елдерінде, соның ішінде Франция Республикасының аумағындағы партизан жасақтарының құрамында шайқасқан қазақстандық жауынгерлердің жеке заттары мен құжаттары, фотосуреттері және басқа да жәдігерлер қойылды.
Қазақстандық партизандар француз сарбаздарымен бірге Францияның оңтүстігіндегі Тулуза мен басқа да қалаларын азат етті. Қаланы азат ету құрметіне Тулузадағы шеруге қазақстандықтардың қатысқанын көрсететін фотосуреттер мен басқа да дәлелдер бар. Бұл парадқа атақты генерал Шарль де Голль да қатысқан болатын.
Франция жеріндегі партизан жасқтарының командирі болған Қадем Жұманиязовтың ұлы Зауыр Қадемұлы мен Қабыш Омаровтың ұлы Қабиден Омарұлы сөз сөйлеп, әкелері туралы естеліктер айтып берді.


«Біз, Жеңімпаздардың ұрпақтары, соғыста шайқасып, Жеңіске жетіп, бізге бейбіт өмір, білім алу және Отанымыздың игілігі үшін еңбек ету мүмкіндігін сыйлаған батырларды есте сақтауымыз өте маңызды. Сондықтан 9 мамыр – біз үшін ең басты мерекелердің бірі болып қала береді», – деп өз пікірімен бөлісті студент Абылай Қадыр.

Марғұлан Есенбай,
ЕҰУ іскери кафедрасының студенті

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда