
Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс мұнайдан кейін газ бағасына әсер етті. Еуропада «көгілдір отынның» мың текше метрі 710 долларға жетті.
Бүгін таңертең Лондон ICE биржасындағы сауда-саттықта алдағы сәуір айына арналған газ бағасы 8,8 пайызға қымбаттап, 586,7 долларды құрады.Арада бір сағат өткенде «көгілдір отын» құны 710 долларға (+ 31,8 %) барып тұрақтады. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін, 2022 жылы көктемде газ бағасы 3892 долларға жеткен еді.
Бұл жолы кәрі құрлықта бағаның шарықтауына Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс себеп болды. Атап айтқанда дрон шабуылынан кейін Қатардың «QatarEnergy» компаниясы сұйытылған газ өндірісін тоқтатты. Бұл ел Еуропа мен Азиядағы көптеген елдерді сұйытылған газбен қатамтамасыз етіп келді. Сарапшылар соғыс өрті тездетіп ауыздықталмаса, нарықта көмірсутегі тапшылығы сезіліп, бағаның одан әрі қымбаттауы мүмкін екенін ескертеді.
JQ-Aqparat
Сурет: РИА Новости