jasqazaq.kz

Еуропа мен Түркияның арасы ушыға түсті

24 қараша 2016, 23:46

turkiya

Страсбургтегі пленарлық сессияда Еуропалық парламент Түркияның Еуроодаққа кіруі туралы келіссөздерді тоқтатуға арналған қарарды мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Қарар Түркияның Еуроодаққа кіру мәселесін тоқтатуға ұсыныс жасайды. Оның себебі ретінде елдегі сәтсіз мемлекеттік төңкерістен кейінгі түрік билігінің «үйлесімсіз» кертартпалығы айтылған. «Түркия ЕО-ның маңызды серіктестерінің бірі болып табылады», — делінген мәтінде. — «Бірақ серіктестік қатынаста ынтымақтастық орнату екіжақты болуы керек… Түркия бұндай саяси ықтиярлықты танытып отырған жоқ». Түркияда өлім жазасы қайта қалпына келтірілсе, бұл елді ЕО құрамына қабылдау ісі толықтай тоқтатылады деп аталып өтілген. Қарарды қолдап 479 депутат, ал қарсы — 37 депутат дауыс берсе, дауыс беруден — 107 депутат қалыс қалған.

 

ҚазАқпарат

 

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік