Еуроодақ 17 оффшорға қарсы санкция қолдануы мүмкін. Қара тізімге 17 аймақ кірген. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Барбадос, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Панама, Сент-Люсия, Тринидад және Тобаго, Тунис сияқты елдер бар, деп хабарлайды Хабар 24.
Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің айтуынша, тағы 47 елдің бұл тізімге енуі әбден мүмкін. Өйткені бұл мемлекеттердегі салық жүйесі Еуроодақ стандарттарына қайшы келеді. Дегенмен, алдағы уақытта бұл мәселе қайта қарастырылмақ.