jasqazaq.kz

Еуразия ұлттық университетіндегі Ерлік сабағы

14 ақпан, 21:29

Бүгін «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты әскери–патроиоттық тәрбие сағатының аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасы студенттерінің қатысуымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай ғибратты кездесу болып өтті. Оны ұйымдастыруға ЕҰУ ғылыми кітапханасының ддиректоры, өзі де ауған соғысының ардагері Бақытжан Оразалиев ұйытқы болды.
Он жылға созылған жат жердегі соғыста Кеңес әскерлері 15 мыңнан астам жауынгерінен айырылып, 53 мыңнан астам адам түрлі жарақаттар алды. Ал Қазақстаннан 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанға 21 мыңнан астам адам интернационалистік борышын өтеуге жіберіліпті. Оның ішінде 947 боздақ қаза тауып, 1770 адам жарақат алған.


Жастар сол кезеңнің оқиғалары туралы: Кеңес әскерінің Ауғанстанға қалай кіргені, оның шығарылу барысы және өздерінің интернационалдық борышын абыроймен орындаған жерлестері жайлы естіп, білді.
ЕҰУ әскери кафедрасының цикл бастығы, запастағы полковник, сол соғыстың ардагері Хайрулла Ильясов және басқа да қонақтар студенттер алдында әскери антқа адалдық, жауынгерлік абырой мен ерлік туралы естеліктерімен бөлісті. Ардагерлер әскери қызметтің ауыртпалықтары, күнделікті әскери өмір және бастан өткерген қиындықтары жөнінде де сөз қоғазды.
Сондай-ақ, олар ұрыстар кезіндегі бастан кешкен сезімдері мен соғыстың өз өмірлеріне қалай әсер еткені туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.


Кездесудің маңызды бөлігі – бір минуттық үнсіздік болды, онда барлық қатысушылар қаза тапқан жауынгерлер мен өмірден өткен ардагерлерді еске алды.
Ерлік сабағы аяқталды, бірақ оның мәні жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталып, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген ұлы сөзін еске салады.

Асхат Құсболсынов,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр