

Ресей Федерациясына қарасты Қалмақ Республикасындағы «Жерлестер» қазақ мәдени орталығының төрағасы Хатимулла Идрисов Каспий аймағы елдеріндегі жастар саясаты — рухани әлем, құндылық негіздері, патриотизм және шығармашылық бағыттарда дамуы тиіс деп есептейді. Бұл пікірімен спикер Атыраудағы VІ халықаралық этно-фестиваль аясында ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» барысында бөлісті.
Айта кетелік, халықаралық шараға Ресей, Әзербайжан, Грузия елдерінен арнайы келген делегаттар азаматтық біртектілікті және толеранттылықты қалыптастыру, көпұлтты, көпконфессиялы аймақтағы тұрақтылық, мемлекеттердің диаспоралық саясатын жүзеге асырудың ерекшеліктері, этномәдени бірлестіктердің діни және этникалық бағыттағы қызметін жүргізудің формалары тақырыптары бойынша пікірлерін ортаға салды.