jasqazaq.kz

Етек-жеңді жиып отыру керек: Үкіметте су тасқынына дайындық пысықталды

11 наурыз, 13:49

Наурыз, сәуір айлары әдеттегіден жылы, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп болады. Осыны ескеріп, былтырғыдай қызылсудың басып қалуына жол бермейтіндей қам жасалуы керек.

Бүгін Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облыстары бар екенін айтты. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында су тасқыны қаупі орташа, ал Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында қауіп төмен.

«Биыл Қазгидромет алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтама дайындады. Онда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының күтілетін ең жоғары мәндері, ағын көлемі және сондай-ақ қауіп аймағында орналасқан елді мекендерді көрсете отырып, болжамды басталу күндері көрсетіледі. Сондай-ақ өткен аптадан бастап Қазгидромет апта сайынғы гидрологиялық болжам шығара бастады. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса, «Қазгидромет» ескертулерді 2-3 тәулік бұрын хабарлайды», — деді Ерлан Нысанбаев.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді:

«Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін».

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң