Әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев өмірден озды.
Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Facebook-тегі парақшасында жазды. «Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», — деп жазды Мәдениет министрінің орынбасары. Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ. Ескенді Хасанғалиев – қазақтың ән өнеріне зор үлесін қосқан сазгер. Оның репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алған. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың автор болды. Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның екі қызы мен бір ұлы бар.
ҚазАқпарат