jasqazaq.kz

Есірткі таратушы ұсталды (Видео)

30 мамыр 2023, 16:11


Қарағанды облысының полиция қызметкерлері есірткі орамын үлестіретін азаматты құрықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды. Абай аудандық полиция бөліміне хабарлама түсіп, күдік тудырған Абай қаласының 35 жастағы тұрғыны қолға түсті. «Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдікті есірткі сақтаған. Оқиға орнынан бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтан 35 орам ұнтақ тәрізді зат әркіледі. Күдікті есірткіні жасырын сатумен айналысқаны белгілі болды. Ол бұған дейін 16 орамды Абай қаласындағы белгіленген жерлерге жасырғанын мойындады. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 19 орам ұнтақ тәріздізат тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 30,808 грамм психотропты зат екендігі белгілі болды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды», – деп жазды Polisia.kz.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң