Есірткі әзірлеушілер ұсталды

11 шiлде 2023, 14:06

Алматы қаласында есірткі әзірлеуші үш күдікті ұсталды. Полиция өкілдерінің айтуынша, бас айыпталушының көлігін тәртіп сақшылары Жандосов көшесінде тоқтатты. 30 жастағы Е.есімді азаматтың көлігінен ерекше иісі бар кристалданған зат салынған сөмке табылды.
«Ұсталған азамат өзінен тәркіленген зат мефедрон есірткі екенін мойындады. Ер адамның айтуынша, ол бұл шөпті достарымен бірге синтетикалық есірткі өндіру үшін ұйымдастырған уақытша зертханада жасаған. Зертхана Алматы облысы, Іле ауданы аумағындағы жалдамалы үйде орналасқан. Ғимаратты тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, шикізат пен сатуға дайын өнімдер табылды және тәркіленді. Тағы екі күдікті – 28 жастағы М.есімді азамат пен 29 жастағы С.есімді азамат есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері жасаған арнайы іс-шара кезінде қолға түсті. Сот-химиялық сараптама тағайындады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды