Есірткі арнасының жолы кесілді

27 шiлде 2023, 11:06

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операцияны іске асырды. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
«ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында Қырғызстан Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізді. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат әріптестерге жолданды.
Нәтижесінде 2023 жылғы 26 шілдеде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың басшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді.
Тінту кезінде 30 келі мефедрон, 2,2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. Шет елдердің құзыретті органдарымен өзара әрекеттесе отырып, халықаралық есірткі трафигі арналарын анықтау мен олардың жолын кесу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды